1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылатын Бас кеден басқармасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Кеден комитетi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi:
Қазақстан Республикасындағы кеден iсiн мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады;
республика кеден органдарының қызметiне Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарына сәйкес басшылық етедi;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң таратылатын Бас кеден басқармасының мүлiктiк құқығының құқылық иегерi болып табылады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi қызметкерлерiнiң санын анықтап, орналастыру, қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешсiн;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi туралы Ереженi бекiтсiн;
кеден қызметiн ұйымдастыру мен оның қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi Үкiмет актiлерiн осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн.
4. "Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметтерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 12 қарашадағы N 963 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 42, 619 бап) мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн: 1 тармақтың соңғы абзацының күшi жойылған деп танылсын; 2 тармақтан "ал Қазақстан Республикасының Кеден комитетi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы деп" сөздерi алынып тасталсын. 5. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi