Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту жөнiндегi жұмыстың ұйымдастырылуын одан әрi жетiлдiру, оны пайдаланудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк басқару органдарының, банк мекемелерi мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бұл саладағы қызмет аясын реттеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң:
а) Қазақстан Республикасының экономикасына шет ел капиталын тарту саласында мемлекеттiк басқару мен реттеудiң орталық мемлекеттiк басқару органдары болып:
- шет ел инвестициялары, кредиттерi, техникалық және қаржы көмегi саласында - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет; <*>
- Қазақстан Республикасының сыртқы борышын басқару саласында - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi;<*>
ә) Қазақстан Республикасы алатын және кепiлдiк беретiн шет ел кредиттерi мен заемдарын Қазақстан Республикасы атынан алатын заемшылар, сондай-ақ осы кредиттер мен заемдарға қызмет көрсету жөнiндегi агенттер болып;
- халықаралық қаржы ұйымдары мен шет мемлекеттердiң кредиттерi бойынша - жекелеген реттерде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;<*>
- орта және ұзақ мерзiмдi кредиттер бойынша - Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi;
- шет елдердiң осыған ұқсас қаржы-банк ұйымдарынан тартылатын қысқа мерзiмдi және орта мерзiмдi инвестициялық кредиттер бойынша - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi болып табылатыны туралы ұсыныстары қабылдансын.
Аталған мемлекеттiк банктер жобалардың тиiмдiлiгiне және валюталық өтелiмiне өздiгiнен сараптау жүргiзуге мiндеттi.
Ескерту. Бiрiншi тармаққа өзгерiстер енгiзiлген - Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1995.03.15. N
2097
Жарлығымен.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң өкiлеттiгi мен функциясын нақтылайтын болсын;
- республикаға шет ел кредиттерi мен заемдарын тартудың және оларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстанның Мемлекеттiк даму банкi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк экспорт-импорт банкi қызмет аясын реттеу және одан әрi дамыту жөнiндегi шараларын жүзеге асырсын;
- Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiне берiлетiн шет ел кредиттерiн тарту, пайдалану және есепке алу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн;<*>
Ескерту. 2-тармақтың 5-абзацы алынып тасталды - Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1997.07.01. N
3577
жарлығымен.
3. Қазақстан Республикасының Президентінің мынадай актілеріне өзгертулер енгізілсін:
- "Қазақстан Республикасының Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетін қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1066 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 1, 7-бап) 5-тармағының күші жойылған деп танылсын;
- "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорт-импорт банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 16 шілдедегі N 1815 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 32, 350-бап):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік экспорт-импортбанкі:
мемлекеттік қаржы және кредит институты болып табылады және кредит ресурстарының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржыландыратын жобалардың жүзеге асырылуы үшін жауап береді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және соның тапсыруы бойынша қол қойылған кредит келісімдерінен туындайтын барлық халықаралық міндеттемелер бойынша Қазақстан Әлем Банкінің құқылы мұрагері болып табылады деп белгіленсін";
3-тармақтың алтыншы абзацындағы "ұзақ мерзімге және" деген сөздер алынып тасталсын;
4-тармақтың күші жойылған деп танылсын;
- "Қазақстанның Мемлекеттік даму банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 6 қыркүйектегі N 1849 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 37, 399-бап) 2-тармағының а) тармақшасы "жобаларға" деген сөзден кейін "орта мерзімді және" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасы кепілдігімен берілетін шет ел кредиттерін тарту, пайдалану және есепке алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1607 қаулысының (Қазақсатн Республикасының ПҮАЖ-ы, N 14, 132-бап) күші жойылған деп танылсын.
5. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.