Қазақстан Республикасының валюта нарығын ретке келтiру мен дамыту жөнiнде 1995 жылға арналған шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1995 жылғы 9 қаңтардағы N 2013. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

Күшін жойған
      Теңгенi бiрден-бiр заңды төлем қаражаты ретiнде бекiту және валюта бақылау жүйесiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. <*>
      Ескерту. 1-тармақ күшiн жойды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
               1995.08.02. N 2397 жарлығымен. U952397_
      2. 1995 жылғы 16 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумағында аэропорттар мен теңiз порттарының транзит аймақтарында, сондай-ақ халықаралық жол қатынастарында жолаушыларды тасымалдауға қатысатын темiр жол және әуе көлiгiнде жасалатын сауда (жұмыс, қызметтен) басқа бөлшек сауданы (жұмысты, қызмет көрсетудi, шетел азаматтарына билет сатуды қоса) нақты шетел валютасына жүзеге асыру тоқтатылсын. Егер де Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiнде бұдан басқаша көзделмеген болса, бұл тәртiп Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резиденттерi еместердiң операцияларына қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр айлық мерзiмде:
      аэропорттардың, теңiз порттарының транзит аймақтарында, темiр жол және әуе көлiгiнде тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) шектелген тiзбе бойынша шетелдiк валютаға сату құқығы берiлген кәсiпорындар мен ұйымдарды анықтасын;
      валюта нарығын ретке келтiру мен бөлшек сауданы (жұмыс жасау мен қызмет көрсетудi) шетелдiк валютаға сатуды ұйымдастыру мәселелерi жөнiндегi бұрын қабылданған шешiмдерi осы Жарлыққа сәйкестендiрсiн;

     валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi түрде сату жөнiнде
тiкелей жеңiлдiктер беру тәжiрибесi жойылсын.
     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi екi апта мерзiм
iшiнде:
     бөлшек сауданы (жұмысты, қызмет көрсетудi) нақты шетел
валютасына жүзеге асыруда бұрын берiлген лицензиялардың күшiн жойсын;
     Қазақстан Республикасының аумағында кредит және дебет
карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысудың тәртiбiн әзiрлеп
бекiтсiн.
     5. Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Президентi