1. Қазақстан Республикасының Президентi жанынан Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi құрылсын.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кеңесшi-консультативтiк орган болып табылады және оны Төраға басқарады. Кеңес төрағасының екi орынбасары болады. <*>
Ескерту. 2-шi тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң
1995.10.05. N 2492 жарлығымен.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi
жоғары консультативтiк кеңесiнiң құрамы бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесiнiң қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппаратына жүктелсiн. <*> Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.04.07. N 2176 Жарлығымен. 5. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 6 желтоқсандағы N 1979 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi туралы ЕРЕЖЕ Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесi /бұдан былай Кеңес/ Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн басшылыққа алып, мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаттың негiзгi бағыттарын анықтау үшiн "Қазақстан Республикасының ғылыми және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылған.
2. Кеңес Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы кеңесшi-консультативтiк орган болып табылады. Кеңестi Төраға басқарады, оның үш орынбасары, оның iшiнде басқа жұмыстан бос, мәртебесi жөнiнен Қазақстан Республикасының Министрiне теңестiрiлген бiр орынбасары және 7 адамнан тұратын аппараты болады. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентiнiң
1995.04.07. N 2176 Жарлығымен.
3. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
4. Кеңес өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Кеңестiң негiзгi мiндеттерi
5. Кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
бiрыңғай мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру үшiн қорытылған талдау ақпараты мен ұсынымдар дайындау;
құрылымдық, инвестициялық және ғылыми-техникалық саясаттың қажеттi өзара iс-әрекетiн қамтамасыз етудi еске ала отырып, Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық прогрестiң негiзгi басымдықтарын анықтау;
инновациялық қызметке, iргелi iздестiру және аса маңызды қолданбалы зерттеулерге мемлекеттiк қолдау көрсету жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды белгiлеу;
ғылыми ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғауды, ғылыми интеллектуалдық және өнеркәсiптiк меншiктi сақтауды күшейту жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдар әзiрлеу;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк кеңесiмен және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiмен өзара iс-қимылды жүзеге асыру;
конверсияның басым бағыттарын анықтау, қорғаныс өнеркәсiбi салаларының ғылыми-техникалық әлеуетiн азаматтық мақсатта тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық байланыстарын дамыту және тиiмдiлiгiн арттыру, шет ел фирмаларының, халықаралық ұйымдардың қатысуымен аса маңызды ғылыми-техникалық объектiлер құру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу;
ғылыми және ғылыми-педагог кадрлар даярлаудың, қайта даярлау мен аттестациялаудың жайына талдау жасау және бұларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу.
Кеңестiң өкiлеттiгi және жұмыс регламентi
6. Кеңес:
Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi шешiмдер қабылдау үшiн мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясат проблемаларын зерделеу және оларды шешу жөнiндегi ұсыныстарды талдап жасау үшiн жұмыс топтары мен комиссиялар құруға;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсыруы бойынша басқа да өкiлеттiктi жүзеге асыруға құқылы.
Кеңестiң төрағасы Кеңес қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешiмдердiң сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған шараларды белгiлейдi.
7. Кеңес жұмысының қорытындылары тұжырымдар, ұсынымдар, ұсыныстар түрiнде ресiмделедi.
8. Кеңестiң материалдарын және тиiстi құжаттарының жобаларын Кеңестiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары дайындайды.
9. Кеңестiң жұмысына тартылатын сарапшылардың, ғылымдар мен мамандардың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға бөлiнетiн қаржысынан жүргiзiледi.
10. Кеңес мүшелерiнiң:
Қазақстан Республикасының министрлiктерiнен, мемлекеттiк комитеттерiнен, ведомстволарынан, кәсiпорындарынан және ұйымдарынан қажеттi материалдар мен құжаттарды сұратып алуға;
өз бастамашылығы бойынша Кеңестiң қарауына ұсыныстар, ұсынымдар және тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзуге;
негiзгi жұмыс орнындағы айлықақысын сақтай отырып Кеңестiң қызметi мәселелерi бойынша iссапарға шығуға;
Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiгi қабылдаған мәселелер жөнiнде
ерекше пiкiрiн енгiзуге құқығы бар. Ерекше пiкiр Кеңес мәжiлiсiнiң хаттамасында бейнеленедi. 11. Кеңес мүшелерi: Кеңестiң қарауына енгiзiлетiн мәселелердi дайындау мен талқылауға қатысуға; Кеңес төрағасының тапсырмаларын орындауға, өз жұмысы туралы мезгiл-мезгiл есеп берiп отыруға мiндеттi. 12. Кеңестiң мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ кемiнде жарты жылда бiр рет өткiзiледi. Егер Кеңестiң бекiтiлген құрамының кемiнде 2/3 мүшесi қатысып отырса, Кеңестiң мәжiлiсi құқылы деп танылады. Шешiм ашық дауыс беру жолымен жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. 13. Кеңестiң қызметiн қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты жүзеге асырады. <*> Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Президентiнiң 1995.04.07. N 2176 Жарлығымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 6 желтоқсандағы N 1979 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ғылым және техника жөнiндегi жоғары консультативтiк кеңесiнiң ҚҰРАМЫ Кеңестiң төрағасы Метте В.Л. - Премьер-министрдiң орынбасары Кеңес төрағасының орынбасарлары: Сағадиев К.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президентi <*> Жолдасбеков Ө.А. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылым, бiлiм беру және жаңа технологиялар жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, академик /келiсiм бойынша/ Серiкбаев А. - физика-математика ғылымының кандидаты /басқа жұмыстан бос/ Кеңес мүшелерi Әбдiлғафаров С.Е. - "Прибор-Алматроникс" ғылыми техникалық бiрлестiктiң президентi, физика-математика ғылымының кандидаты Әдiкенов С.М. - Ұлттық ғылым академиясының органикалық синтез және көмiр химиясы институтының зертхана меңгерушiсi, химия ғылымының докторы Әлияров Б.К. - Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Энергетика институтының директоры, техника ғылымының докторы, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесi Балабеков О.С. - "КазхимжобалауҒЗИ" акционерлiк қоғамының президентi, химия ғылымының докторы Васильев А.Б. - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Ғылыми техникалық прогресс бөлiмiнiң меңгерушiсi, физика-математика ғылымының кандидаты Есырев О.В. - Бiлiм министрiнiң бiрiншi орынбасары, биология ғылымының докторы, профессор Ысмайылов Б.И. - Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушiсi, медицина ғылымының докторы Қалиев Ғ.Ә. - Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының президентi, Қазауылшаракадемиясының академигi Каюпов М.А. - Ұлттық ғылым академиясының Тау-кен iсi институтының зертхана меңгерушiсi, техника ғылымының докторы Клец А.И. - "Казмеханобр" өнеркәсiп экологиясы мемлекеттiк Ғылыми-өндiрiс бiрлестiгiнiң бас директоры Медеубеков Қ.Ұ. - Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, Қазауылшаракадемиясының академигi Мұратов И. - "Қазмұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының басқарма бастығы, геология-минералогия ғылымының докторы Рахымбаев И.Р. - Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталықтың ғылыми жетекшiсi, биология ғылымының докторы Сәбденов О.С. - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Экономикалық реформа жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, экономика ғылымының докторы /келiсiмi бойынша/ Сағадиев К.Ә. - Ұлттық ғылым академиясының президентi, академик Сарыпбеков Ж. - Ұлттық техника университетiнiң электронды есептеу техникасы факультетiнiң деканы, техника ғылымының докторы, профессор Соломкин А.П. - Қазақ ауыл шаруашылық техникасын пайдалану және жөндеу ғылыми-зерттеу технология институтының директоры, техника ғылымының докторы Ушаков Н.Н. - Шығыс түстi металдар ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымының кандидаты Фрезоргер А.Д. - Павлодар мемлекеттiк техника университетiнiң ректоры, техника ғылымының докторы, профессор Школьников В.С. - Ғылым және жаңа технологиялар министрi, физика-математика ғылымының докторы Ескерту. Кеңес құрамына Сағадиев енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1995.04.07. N 2176 Жарлығымен.