Азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қараудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 26 қазан N 1952. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.06.19. N 2342 жарлығымен.

Күшін жойған

      Азаматтардың мемлекеттiк органдарға арыздарын қараған кезде лауазымды адамдар тарапынан бюрократизм мен сөзбұйдаға салудың орын алып отырғанын ескерiп, азаматтардың арыздарын қараған кезде заңдылықты қамтамасыз ету, оларды уақтылы әрi дұрыс қарау мен шешу, азаматтардың шағымын туғызатын себептердi анықтау мен жою мақсатында, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61 және 75-баптарына сәйкес қаулы етемiн:
      1. Азамат өзiнiң құқықтары мен бостандығын, сондай-ақ заңмен қорғалатын мүдделерiн жүзеге асыру, қамтамасыз ету мен қорғау үшiн сотқа немесе прокуратура органдарына арызданбауға болады деп санаса, ол мемлекеттiк органдарға, мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әкiмшiлiктерiне ұсыныс, өтiнiш және шағым айтып арыздануға хақылы деп белгiленсiн.
      2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң өкiлеттiктерiне сәйкес осы Жарлықта белгiленген тәртiппен мерзiмде азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қарап, оларға жауап қайтаратын болсын және солар бойынша қажеттi шаралар қолдансын.
      Мемлекеттiк органдар, олардың басшылары және өзге лауазымды адамдар азаматтардың арыздарын қараған кезде:
      олардың мәнiсiне мұқият үңiлiп, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгiленген тәртiппен шарттарға сәйкес керек құжаттарды сұратып алдыратын болсын, жергiлiктi жерлерге тексерiс жүргiзуге қызметкерлер жiберiп, мәселенiң әдiлеттi шешiлуi үшiн басқа да шаралар қолдансын;
      арыздар бойынша негiздi шешiмдер қабылдап, бұл шешiмдердiң уақтылы әрi дұрыс атқарылуын қамтамасыз етсiн;
      азаматтарға жазбаша немесе ауызша нысанда азаматтардың арыздары бойынша қабылданған шешiмдер туралы хабарласын, ал арыздары қабылданбаған жағдайда мұның себептерiн көрсетсiн;
      азаматтардың тiлектерi бойынша шағымдану тәртiбiн түсiндiрсiн;
      азаматтардың арыздарын қарау жөнiндегi iстердiң жай-күйiн үнемi тексерiп отырсын, шағымдар мен өтiнiштердiң түсуiн туғызатын себептер мен жағдаяттарды қоюдың шараларын қолдансын;
      арыздардың авторларын қудалауға тиым салсын, азаматтардың қараудың тәртiбiн бұзатын лауазымды адамдардың iс-әрекетiне принциптi баға берсiн;
      азаматтардың арыздарын, онда айтылған сын ескертпелердi талдап қорытып отырсын, мемлекеттiк органдардың жұмысын жетiлдiру мақсатында қоғамдық пiкiрдi зерделейтiн болсын.
      Мемлекеттiк органдардың, олардың басшыларының және өзге лауазымды адамдардың азаматтардың шешу тәртiбi қылмыстық iстер жүргiзу және азаматтық iстер жүргiзу заңдарында, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда белгiленген арызын өздерiнiң қарауына қабылдауға қақысы жоқ.
      3. Азаматтардың арыздары мәселенi негiзiнен шешуге мiндеттi мемлекеттiк органға, кәсiпорын әкiмшiлiгiне келiп түскен күннен бастап бiр ай мерзiмнiң iшiнде қаралып, соған байланысты шешiм қабылдануға тиiс, ал қосымша зерделеу мен тексерiстi қажет өтпейтiн арыздар кiдiрiссiз, бiрақ 15 күннен кешiктiрiлмей шешiлуге тиiс деп белгiленсiн. Қосымша тексерiс жүргiзу қажет болған жағдайда тиiстi мемлекеттiк органның басшысы немесе басшының орынбасары, кәсiпорын әкiмшiлiгi қарау мерзiмiн ұзарту алады, бiрақ ол бiр айдан аспауға және бұл жөнiнде арыз иесiне хабарлануға тиiс.
      Азаматтардың ұсыныстары, өтiнiштерi мен шағымдары, егер оларда қойылған мәселелер нақтылы қаралып, солар бойынша қажеттi шаралар қолданылса және арыз иелерiне жауап қайтарылса, шешiлген болып саналады.
      4. Азаматтардың арыздарында қойылған мәселелердi шешу өздерiнiң қарауына жатпайтын мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар арыз иелерiн хабарландыра отырып, оларды бес күн мерзiмнен кешiктiрмей тиiстi адамдарға жiберуге тиiс.
      Бұрын тексерiлсе, әрi қолда тексерiстердiң толық материалдары болса, қайтара жасалған арыздар басшылық келiсiмiн берсе қосымша тексерiлмейдi, бұл жөнiнде бес күн мерзiм iшiнде арыз иесiне хабарланады.
      Азаматтардың шағымдарын iс-әрекеттерiне шағым жасалып отырған органдардың немесе лауазымды адамдардың шешуiне жiберуге жол берiлмейдi.
      5. Өз арызы бойынша қабылданған шешiмге келiспейтiн азамат бұл шешiм жөнiнде жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды адамға шағым жасай алады деп белгiленсiн.
      6. Мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерiнiң басшылары және олардың орынбасарлары айында кемiнде бiр рет азаматтарды жеке қабылдайтын болсын.
      Қабылдау белгiленген және азаматтарға алдын ала хабарланған күнi мен сағатында, оларға қолайлы уақытта, жұмыс орнында немесе тұратын жерiнде жүргiзiлуге тиiс.
      Мемлекеттiк органдардың басшылары, кәсiпорындардың әкiмшiлiктерi азаматтарды қабылдаудың, олардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қараудың ұйымдастырылуы үшiн дербес жауап бередi.
      7. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшылары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi тоқсан сайын азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қарау жөнiндегi iстiң жай-жапсарын зерделеп отыратын болсын, бұл ретте олар Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және соларға теңестiрiлген адамдардың, зейнеткерлердiң, мүгедектердiң, көп балалы отбасыларының, сондай-ақ әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң ұсыныстарына, өтiнiштерi мен шағымдарына айрықша назар аударсын.
      Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасы осы Жарлықтың орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентiне үнемi баяндап отырсын және қажет болған жағдайда азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағындарын қараудың осы Жарлықта белгiлеген тәртiбiн бұзуға жол берген министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың басшыларын, жергiлiктi әкiмдердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      Ескерту. 7-тармақтың екiншi абзацына өзгерту енгiзiлген -
               ҚР Президентiнiң 1995.04.10. N 2189 Жарлығымен.
      8. Осы Жарлықтың күшi орталық мемлекеттiк басқару органдарына, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарға, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың әкiмшiлiктерiне таратылады.
      9. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi "Азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстарын, өтiнiштерi мен шағымдарын қарау тәртiбiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк шегiн анықтайтын заң жобаларын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзсiн.

 

     Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты және Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы бiрлесiп,

Азаматтардың ұсыныстары, өтiнiштерi мен арыздары бойынша iс

жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.

     10. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi