Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 28 маусым N 1775

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етудi жақсартуға және қорғаныс кешенiн дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң ұсынысын орындай отырып, қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының ұзақ мерзiмдi қорғаныс бағдарламаларын қалыптастыру мен орындау тұжырымдамасы және Қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың ұзақ мерзiмдi кезеңге арналған тұжырымдамасы бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      1994 жылғы 1 тамызға дейiн:
      мемлекеттiк қорғаныс тапсырысын материалдық, қаржылық-кредиттiк және құқықтық қамтамасыз ету мәселесiн қарасын;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Республика ұланының әскери қызметшiлерiн, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi iшкi әскерлерiнiң және басқа арнаулы әскери құрамаларының қатардағы, басшы құрамдағы адамдарын, әскери қызметшiлерiн материалдық ресурстармен жабдықтау нормаларын бекiтсiн;
      1994 жылғы 1 қыркүйекке дейiн:
      Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсiбiн дамытудың ұзақ

мерзiмдi кезеңге арналған бағдарламасын табыс етсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi өндiрiстi 
үйлестiру және жыл бойына бекiтiлген мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы
шеңберiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлердi отандық, импорттық
өндiрiстiң материалдық ресурстарының барлық түрлерiмен қамтамасыз
ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанынан Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитет құру туралы
ұсыныс енгiзсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi