Мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қысқарту, олардан шаруашылық функцияларын ажырату, бiртұтас мемлекеттiк саясат жүргiзу және көлiк пен байланыстың барлық түрлерiнiң қызметiн реттеу мақсатында қаулы етемiн:
1. Таратылып отырған Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықтан туындайтын қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Алматы. 1994 жылғы 13 маусым
N 1731