Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебi бойынша есеп айырысуды аяқтаудың тәртiбi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 5 сәуiр N 1641

Қолданыстағы
      Кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешегiнiң iшкi республикалық есебiн аяқтау мақсатында және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ сәйкес қаулы етемiн:
      1. Есеп жүргiзу нәтижесiнде пайда болған шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаражаты (кредит сальдосы) бiрiншi кезекте оларға бұрынырақта банктер мен қаржы органдары берген кредиттердi (жедел және уақыты өткен) және солар бойынша проценттердi өтеуге жұмсалсын.
      2. Ақша көлемiнiң ұлғаюына жол бермеу мақсатында iшкi республикалық есеп бойынша кредит сальдосы бар шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң ақшалай қаражаты iшiнара Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң шұғыл айналыс вексельдерiне уақытша алмастырылатын болады деп белгiленсiн.
      3. Iшкi республикалық есеп бойынша дебет сальдосы бар кәсiпорындарға қысқа мерзiмдi кредит беру үшiн сыртқы көздерден алынған валюталық түсiмдер және I-тармақта көрсетiлген ақша қаражаты пайдаланылсын. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне дебет сальдосы бар кәсiпорындарды кредиттеуге беретiн үкiмет кредитiн өтеудiң мерзiмдерiн дәлдеуге рұқсат етiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 2-тармақта көрсетiлген вексельдер шығаруды мынадай негiзгi шарттар арқылы:
      - вексельдiң көрсетiлген құнына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi оны шығару (алу) сәтiнде есептелген бағам бойынша долларлық тең құнына 3 процент жылдық қосу;
      - өтеу сәтiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi есептеген бағамы бойынша долларлық тең құнына сүйенiп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң негiзгi соманы және қосылған проценттi теңгемен өтеу (сатып алу) жолымен қайтаруы арқылы жүзеге асырылады;
      - вексельдердi шығаруды қағазсыз нысанда жүзеге асырылады;
      - заемды өтеудiң (сатып алудың) шектi мерзiмi 1995 жылғы 5 сәуiр болып белгiленедi, бұдан ертерек мерзiмдерде iшiнара өтем жасауға мүмкiндiк берiледi;
      - бағалы қағаздар нарығында вексельдердiң еркiн айналысы негiзiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      5. Мемлекеттiк кредиттi өтеудiң келешегiн қарайтын мемлекеттiк және жергiлiктi комиссиялар мемлекеттiк қаржы бақылау және салық инспекциясы органдарымен бiрлесiп шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен банктердiң есебi бойынша төлемдер жасаудың дұрыстығына тексерiс жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн. Есеп жүргiзу ережесiнiң бұзылғаны анықталған жағдайда тиiстi шаралар қолдансын.
      6. Алдағы уақытта үкiмет кредитiнiң есебiнен iшкi республикалық

есептер жүргiзу тоқтатылсын.
     7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi бiр апта мерзiмде осы жарлықты жүзеге
асыру жөнiндегi шараларды санациялау мен банкрот рәсiмдерiн қоса
отырып әзiрлесiн.
     8. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол қолданылып жүрген
заңдарға өзгерiстер мен толықтырулар қабылданғанға дейiн 
қолданылады.
     9. Жарлық жарияланған күннен күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi