Жеңiлдiк беру мен өтемақылық төлемдердi реттеу жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1612 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      Мемлекеттiң қаржы мүмкiндiктерiнiң шектеулiлiгiн ескере отырып және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңына сәйкес қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiнiң күшi 1997 жылғы 1 сәуiрге дейiн тоқтатылсын:
      1) "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк жағынан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 23, 560-бап) - төтенше, ең жоғары, жоғары, ең төмен радиациялық қауiптi аймақтарда және жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақта тұрған және тұратын азаматтарға бiр жолғы ақшалай өтемақылар төлеуге қатысты бөлiгi, сондай-ақ денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға арнап республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыны 1,5 есе көбейтуге қатысты бөлiгi.
      2) "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-бап) - ақысы төленетiн қосымша демалыс беру және айлық тарифтiк ставкасы немесе лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға материалдық көмек көрсетуге көлiкте тегiн жүруге, оның iшiнде сырқат баламен емделуге, санаторий-курорттық емделудi қоса, барып келуге; дәрi-дәрмектердi (дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша) тегiн және құнының 30 процентi кемiтiлiп сатып алуға және тiс протездерiн тегiн және құнының 20 процентi кемiтiлiп жасату және жөндетуге; санаторий-курорт жолдамаларымен тегiн қамтамасыз етуге; мүгедек болып қалған адамдарға, асыраушысынан айрылған отбасыларға шеккен зияны үшiн берiлетiн бiр жолғы өтемақыға; мүгедектерге сауықтыруға арнап берiлетiн жыл сайынғы жәрдемақыға; емдеу және санаторий үлгiсiндегi мамандандырылған балалар мекемелерiнде балаларды жыл сайын тегiн сауықтыруға; коммуналдық қызмет, электр қуаты, газ, жылу үшiн төленетiн ақыны 50 және 25 процентке кемiтуге; жеке немесе кооперативтiк тұрғын үй салуға процентсiз несие алып, оның 50 процентiн өтеуге; айрылып қалған жылжымайтын мүлкi үшiн ақшалай өтем алуға, жаңа тұрғылықты жерге көшуге байланысты шығындардың орнын толтыруға; маманның бiр жылдық лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi бiр жолғы жәрдемақы алуға қатысты бөлiгi.
      3) "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Заңының Z932200_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-бап) - ақшалай өтемақылар төлеуге; дәрi-дәрмектер құнын 50 процент мөлшерiнде кемiтуге; қалалық жолаушылар көлiгiнiң және селолық жерлерде көпшiлiк пайдаланатын автомобиль көлiгiнiң барлық түрiнде тегiн жүруге; темiр жол көлiгiнде жылына 1 рет әрлi-берлi тегiн жүруге, ал темiр жол қатынасы жоқ аудандарда - су, әуе немесе қалааралық автомобиль көлiгiнде жол жүру құнының 50 процентi кемiтiлген жеңiлдiкпен жүруге; тұрғын үй алаңы, коммуналдық қызмет, телефонды пайдаланғаны үшiн ақысын 50 процентке кемiтуге; отын құнын 50 процентке кемiтуге, тiс протездерiн тегiн жасатуға және жөндетуге қатысты бөлiгi.
      4) "30-40-ыншы жылдары және 50-шi жылдардың бас кезiнде жазықсыз қуғын-сүргiнге ұшырап, ақталған азаматтарға жәрдем беру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ ССР Президентiнiң 1990 жылғы 18 қыркүйектегi N 70 Жарлығының - қалалық жолаушылар көлiгiнiң және селолық жерлерде көпшiлiк пайдаланатын автомобиль көлiгiнiң барлық түрiнде тегiн жүруге, осы Жарлықта көзделген жеңiлдiктердi қайтыс болғаннан кейiн ақталған азаматтардың басқа некеге тұрмаған жесiрлерiне қолдануға қатысты бөлiгi.
      5) "Ең төмен тұтыну бюджетi туралы" (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 324-бап) Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 17 маусымдағы Заңы.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгiзетiн болсын.
      3. Осы Жарлық Заң күшiне ие және "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейiн қолданылады.
      4. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi