1. Белгiленген тәртiптi бұзып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығарылған шикiзатты, азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларын тәркiлеу туралы судьяның қаулысын сот орындаушылары орындайтын болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Әкiмшiлiк
құқықтарын бұзу туралы Қазақ КСР Кодексiне толықтырулар енгiзу туралы заң жобасын жаңадан сайланатын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi бiрiншi сессиясының қарауына енгiзсiн. 3. Осы Жарлық қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк заңдарына тиiстi толықтыру енгiзiлгенге дейiн қолданылады. Қазақстан Республикасының Президентi