Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметiнiң ұйымдық мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 7 ақпан N 1545. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2000.12.25. N 132 Заңымен. ~Z000132

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы соттарының қызметiн ұйымдастыру мәселелерi жүктелген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z933600_ сәйкес қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сандық құрамын Қазақстан Республикасының Президентi анықтайды деп белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрылымы мен Штат санын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша бекiтедi.
      2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төраға, Төрағаның бiрiншi орынбасары мен орынбасары, Әскери алқаның төрағасы, Жоғарғы Соттың мүшелерi және халық заседательдерi құрамында жұмыс iстейдi. Төрағаның орынбасарлары азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегi сот алқаларын басқарады.
      3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының пленумы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Төрағаның орынбасарлары, Әскери алқаның төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшелерi құрамында жұмыс iстейдi.
      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы Төраға, Төрағаның орынбасарлары, Әскери алқаның төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мүшелерi құрамында, Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын мөлшерде құрылады.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төралқасының құрамын Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы бойынша бекiтедi.
      5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жаңадан сайланған

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң қарауына сот органдарының
қызметiн реттейтiн заңдарға тиiстi өзгерiстер мен толықтыруларды
енгiзетiн болсын.
     6. Осы Жарлықтың Заң күшi бар және ол заңдарға тиiстi 
өзгерiстер мен толықтырулар қабылданғанға дейiн қолданылады.
     7. Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     Алматы қаласы. 1994 жылғы 7 ақпан
                N 1545