Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң Қазынашылығын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы

Қолданыстағы
      Республикалық бюджеттi атқару процесiнде кiрiсi мен шығысын тиiмдi басқару, мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруда жеделдiктi арттыру, мемлекеттiк қаржының түсуiн, мақсатты әрi үнемi пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi құрамында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас қазынашылық басқармасынан, оның облыстар, Алматы және Ленинск қалалары, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша аумақтық органдарынан тұратын Қазынашылық органдарының орталықтандырылған жүйесi құрылсын.
      Бас қазынашылық басқармасының бастығы сонымен қатар лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң бiрiншi орынбасары болып табылады, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдары республикалық бюджеттiң кассалық атқарылуын және ақшалай қаржысының басқарылуын, Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы мемлекеттiк берешегiнiң қозғалысын есепке алу мен оған қызмет көрсетудi, республикалық бюджет пен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың арасындағы қаржы қарым-қатынасының реттелуiн жүзеге асырады.
      Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарын қалыптастыру толық аяқталғанға дейiн қолданылып жүрген заңға сәйкес республикалық бюджеттi кассалық атқару Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiнде сақталсын.
      3. Қазынашылық органдарға:
      - республикалық бюджеттiң қаржысын есептеуге, аударуға және пайдалануға байланысты ақшалай және басқа құжаттарды министрлiктерде, ведомстволарда, кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде тексеру;
      - республикалық бюджеттен бөлiнетiн және өз мақсатында пайдаланылмаған қаржыны кәсiпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден дау-дамайсыз тәртiппен бюджетте алып қою /қайтарып алу/;
      - республикалық бюджеттiң кiрiсiне түсетiн қаржыны немесе республикалық бюджеттен алушылардың шотына тиiстi банкiлерге немесе қаржы-кредит мекемелерiне аударылатын қаржыны уақтылы есептемеген жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлерге немесе өзге де қаржы-кредит мекемелерiне санкциялар қолдану құқығы берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде:
      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарын ұйымдастыру және олардың қызметiнiң мәселелерi бойынша қаулы қабылдап, ереженi және қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң шарттарын бекiтсiн;
      - Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының Қазынашылық органдарына республикалық бюджеттi кассалық атқару функцияларын, оларға банкiлер мен өзге де қаржы-кредит мекемелерiнде тексеру жүргiзу және республикалық бюджеттi атқарумен өзара қарым-қатынасы бар кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң

шоттарының жай-күйi туралы олардан мәлiмет алу құқығын беруге
қатысты бөлiгiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан
Республикасының Жоғарғы Кеңесiне ұсыныс енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     Алматы. 1994 жылғы 27 қаңтар
             N 1526