Қазақстан Республикасының Халықтық банкi және оның салымшыларының мүдделерiн қорғау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 20 қаңтар 1994 ж. N 1515. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Жинақ банкiнде салымдары бар азаматтарды әлеуметтiк қорғау, әрi мемлекеттiң олардың жинақтарының сақталуы жөнiндегi мiндеттемелерiн орындауы мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының мамандандырылған коммерциялық Жинақ банкi Қазақстан Республикасының Халықтық банкi болып қайта құрылсын. 
      Банктiң негiзгi мiндетi халыққа банк қызметiнiң толық кешенiн көрсету болып табылады деп белгiленсiн. 
      2. Негiзгi шоттар бойынша жинақтардың құнсыздануынан келген шығындарға бiр жолғы өтем жасалып, 1992 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша 1000 рубльдiң шегiнде болған салымдардың қалдығы 50 есе ұлғайтылсын. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы мақсатқа республикалық бюджеттен 850 млн. теңге бөлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Халықтық банкiне өзiнiң кiрiсi есебiнен 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың салымдары бойынша төленетiн проценттiк ставкаларды орташа 2,5 есе көтеру ұсынылсын. 
      4. Былай деп белгiленсiн: 
      Қазақстан Республикасының Халықтық банкi тартатын ақша қаражаты кредит ресурстары нарығында қалыптасқан ставкалар бойынша өткiзiледi. Оларды өткiзуден алынған табыс /банк шығыстарын алып тастағаннан кейiн/ толық көлемiнде салымдар бойынша проценттер төлеуге жұмсалады; 
      барлық банк қызметi /бюджетке көрсетiлетiнiнен басқасы/ ақылы болып табылады. 
      5. Қазақстан Республикасының Халықтық банкi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне халықтың тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет үшiн пластикалық кәртiшкелердi қолданып, аударым арқылы есеп айырысуының қолданылып жүрген жүйесiн жетiлдiру және осы заманғы жүйесiн жасау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шешiмдер қабылдасын. 

     Қазақстан Республикасының
     Президентi

     Алматы 1994 жылғы 20 қаңтар
             N  1515