Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивiн құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнi Жарлығы 14 қаңтар 1994 ж. N 1502

Қолданыстағы

      Егемен Қазақстан Республикасының құрылуы мен дамуының және оның Президентiнiң қызметiнiң құжаттық айғақтамаларын толығымен сақтау мақсатында, сондай-ақ әлемдiк iс-тәжiрибенi ескере отырып, қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк Қазiргi тарих архивi негiзiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Архивi құрылып, оның мемлекеттiк архив мәртебесi сақталсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Архив туралы ереженi бiр ай мерзiмде әзiрлеп, бекiтуге табыс етсiн;
      - Архивтiң қалыпты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында оның материалдық-техникалық базасы мәселелерiн қарап, шешетiн болсын;
      - осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi ұйымдық шараларды жүзеге асырсын.

       Қазақстан Республикасының
              Президентi