Бiртұтас мемлекеттiк жастар саясаты туралы қолданылып жүрген заңдарды орындау, жастардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтiк жетiлуi үшiн жағдайлар туғызу, республика мүддесi жолында оның ғылыми және шығармашылық әлеуетiн iске асыру, халықаралық және iшкi туризм саласында бiртұтас мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру, дене мәдениетi мен спорт саласын дамыту, бұл салалардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ ССР Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құру туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы N 415 және "Қазақ ССР Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiн құру туралы" 1991 жылғы 31 тамыздағы N 417 Жарлықтарымен құрылған Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгi таратылып, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм жөнiндегi "Иассауи" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi бұрын Қазақстан Республикасының Туризм, дене шынықтыру және спорт министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Жастар iсi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, сондай-ақ олардың кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының иелiгiнде болып келген меншiгiнiң құқықтық мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiне:
жастар саясаты, туризм, дене мәдениетi және спорт саласында республика министрлiктерi мен ведомстволарының, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн үйлестiру, сондай-ақ қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп iс-қимыл жасау;
жастар саясатын жүзеге асыруға, туризмдi, дене мәдениетi мен спортты дамытуға бағытталған мемлекеттiк бағдарламалар әзiрлеп, жүзеге асыру;
"Қазақ ССР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" Қазақ ССР Заңын, "Туризм туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру, жастар саясаты, туризм, дене мәдениетi және спорт проблемалары бойынша Қазақстан Республикасының Заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындау жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын;
бұрын қабылданған нормативтiк актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi