1. Ұлттық акционерлiк компаниялар, мемлекеттiк акционерлiк компаниялар, оның iшiнде холдинг компаниялары (бұдан әрi - компаниялар) қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
- екi айға дейiнгi мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993 - 1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес компаниялардың құрылтай құжаттарының пакеттерiн дайындасын;
- тиiстi компанияларға қосылатын кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн;
- құрылатын компанияларға кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасының бағыттарына сәйкес жүзеге асыру үшiн комитетке берiлетiн пакеттен басқасын осы компаниялардың Жарғылық қорларына берсiн;
- компанияларға құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн тиiстi нормативтiк құжаттарда белгiленген тәртiппен иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
Сол кәсiпорындар акционерленгеннен кейiн мемлекеттiк кәсiпорындар негiзiнде құрылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Комитеттiң сатуы үшiн келiп түсетiн акциялар пакетiнен басқасы, тиiстi компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi деп белгiленсiн.
3. Компаниялардың президенттерi тиiстi нормативтi құжаттарда айқындалатын тәртiппен тағайындалады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне компаниялардың құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбелерi бойынша қажет болған жағдайда өзгерiстер енгiзу құқы берiлсiн.
5. Министрлер кабинетi, жергiлiктi әкiмдер:
- осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шешiмдер
қабылдасын; - осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтi актiлер күшiнiң жойылуын қамтамасыз етсiн. 6. Осы Жарлық қол қойылған кезден бастап күшiне енгiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығына Қосымша Құрылатын Ұлттық, холдингтiк және акционерлiк компаниялардың Тiзбесi (Кесте)