Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi етiп қайта құру туралы

Қазақстан Рсепубликасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 1063. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Экономиканы монополиясыздандыру саласындағы мемлекеттiк саясатты күшейту, бәсекелестiк күрестiң тәртiбiне және шаруашылық құрылымдардың кооперативтендiрiлуi мен ұйымдық кiрiгуi процестерiне бақылауды қатайту мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметтi шектеу жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi болып қайта құрылсын. 
      2. Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитет мемлекеттiк басқарудың орталық органы болып табылады, оған тiкелей басшылықты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жүзеге асырады деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң құрамына енгiзiлсiн.
      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақ күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1995.04.07. N 2177 қаулысымен. 
      5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр ай мерзiмде:
      - Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi туралы Ереженi бекiтсiн;
      - Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қоры туралы Ереженi бекiтсiн;
      - бұрын қабылданған актiлердi осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту туралы" 1992 жылғы 5 мамырдағы N 736 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi