Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1055

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Француз Республикасымен дипломатиялық қатынастар орнатуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Париж қаласында Қазақстан Республикасының Елшiлiгi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Француз Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесiмен шығыстарының сметасын анықтасын.
     Қазақстан Республикасының
           Президентi