1. Радиациялық хауiпсiздiк және экология жөнiнде, радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату және көму проблемаларын зерттеу, ядролық технология мен энергетикасы саласында әзiрлемелiк жұмыстар жүргiзу мақсатында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны кешенi және Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан тиiстi ғылыми ұйымдар мен объектiлердiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылсын.
2. Атом қуатын пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi құрылсын.
3. Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi өзiне жүктелген функциялар шегiнде республиканың барлық министрлiктерiне, ведомстволарына, кәсiпорындарына, ұйымдарына және ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан экономикалық қатынастың басқа да субъектiлерiне мiндеттi шешiм қабылдайды деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Қазақстан Республикасының Атом қуаты жөнiндегi агенттiгiн құрудың ұйымдық шараларын жүзеге асырсын; Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Атом қуаты жөнiндегi агенттiгi туралы ережелердiң бекiтiлуiн қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Президентi