Әскери қызметшiлер, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың отбасы мүшелерi арасындағы зейнеткерлерге төленетiн зейнетақы мөлшерiн қайта қарау туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1992 жылғы 1 сәуiр N 713

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Мемлекет хауiпсiздiгi комитетiнiң, Күзет қызметiнiң, "А" Бөлiмiнiң, Республикалық ұланның, iшкi әскерлердiң әскери қызметшiлерi, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың отбасы мүшелерi, республикалық бюджеттiң қаржысы есебiнен ұсталатын әскери қызметшiлердiң басқа да категориялары арасындағы зейнеткерлердiң әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекет хауiпсiздiгi комитетiнiң, Күзет қызметiнiң, "А" Бөлiмiнiң, Республикалық ұланының, iшкi әскерлерiнiң офицер құрамдағы адамдарының, прапорщиктерiнiң, мичмандарының және мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерiнiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткерген жылдары үшiн және мүгедектiгiне байланысты зейнетақысы және "Әскери қызметшiлердi зейнетақымен қамсыздандыру туралы" КСРО Заңына сәйкес тағайындалған асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы, жыл сайын, 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлердiң тиiстi категорияларына, iшкi iстер органдарының қызметте тұрған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына зейнетақы есептеу кезiнде есепке алынатын ақшалай үлестiң нормалары мен түрлерiне сүйенiп қайта қаралады деп белгiленсiн.
      2. Осы Жарлықта аталған әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары мен олардың отбасыларына зейнетақы тағайындаған (төлемдердi қайта өтей бастаған) және қайта есептеген кезде зейнетақының, оған үстеменiң ең аз мөлшерi, сондай-ақ оларды есептеген кезде еске алынатын ақшалай үлестiң шектi мөлшерi 1992 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жалақының (жасына байланысты зейнетақының) ең аз мөлшерiне қарай анықталатын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсатқа жұмсалатын шығынның қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
             Президентi