Республикада экономикалық жүйенi жаңарту, қоғамдық өмiрдiң әлеуметтiк, рухани және басқа салаларындағы қайшылықтар мен қиыншылықтар, тәртiп пен жауапкершiлiктiң әлсiреуi хұқықты бұзушылықтың өсуiмен ұштасуда. Хұқыққа қарсы қызметтiң жаңа нысандары қалыптасып, қылмысты кәсiп етушiлiк күшеюде, қылмыс ұйымдасқан сипат алуда. Қылмысты топтардың халықаралық байланысы таралып барады, олардың жемқорлармен сыбайлас лауазымды адамдармен ауыз жаласуы белең алып келедi.
Ұйымдасқан қылмыс нысандарымен күрестi күшейту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тыйым салу мақсатында қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi аймақаралық басқармасы Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi бас басқармасы болып қайта құрылып, оған ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтарды анықтау, тыйым салу және қызметiн тергеу жөнiндегi мiндеттер жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекет хауiпсiздiгi комитетiнде қазiргi құрылымдар негiзiнде құрылған сыбайлас жемқорлық пен контрабандаға қарсы күрес жөнiндегi басқарма қызметiнiң негiзгi бағыттары экономикалық және әлеуметтiк құрылымдарды сыбайлас жемқорлықтан қорғау, ұйымдасқан қылмысқа, оның iшiнде сыртқы экономикалық саладағы қылмысқа қарсы күресу деп анықталсын.
3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi басқармасына, Қазақстан Республикасы Мемлекет хауiпсiздiгi комитетiнiң сыбайлас жемқорлық пен контрабандаға қарсы күрес жөнiндегi басқармасына тергелiп жатқан қызметке, меншiк нысанына қарамастан банкiлердiң барлық алыс-берiс түрлерiне қатысты мәлiметтердi, сондай-ақ салық инспекцияларының, кеден және қаржы органдарының деректерiн алу хұқы берiлсiн.
4. <*>
Ескерту. 4-шi тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң
1995.08.08. N 2404 Жарлығымен.
5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнде экономика саласындағы хұқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Мемстаткомы, МХК, Прокуратурасы, Әдiлет министрлiгi, Жоғарғы Соты, Жоғары төрелiк соты, Кеден комитетi, банкi, қаржы және салық органдарының ақпарат-анықтамалық жүйелерiмен өтемсiз негiзде өзара iс-әрекет жасайтын республикалық автоматтандырылған деректер банкi құрылсын.
Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi хұқық қорғау және бақылаушы органдардың автоматтандырылған ақпарат жүйелерi мен хабарлама желiлерiнiң техникалық базасын, сондай-ақ қажеттi жобалау-технологиялық құралдар жасау және ақпаратты қорғау үшiн 1993-1994 жылдары қаржының басым тәртiппен бөлiнуiн көздейтiн болсын.
6. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанынан Қаржы министрлiгiнiң бас бақылау-тексеру басқармасы негiзiнде Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi құрылып, оған қарамағындағы бақылау-тексеру қызметтерi штатының бiр бөлiгi берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетiне өз бастамасы бойынша да, хұқық қорғау және салық органдарының ұсынуы бойынша да министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, бағыныстылығына, қызмет түрлерi мен меншiк нысандарына қарамастан банктерде, кәсiпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде қаржы-шаруашылық қызметтi тексеру, бюджеттiк қаражаттың пайдаланылуына тексерiс жүргiзу, ақшалай, оның iшiнде валюталық қаржы мен материалдық игiлiктердiң сақталуы мен дұрыс жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету жүктелсiн.
7. Мемлекеттiк құрылымдарда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатымен мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында басшы қызметте iстейтiн, жекешелендiру тәртiбiн мемлекеттiк тұрғын үй қорының өздерi тұратын пәтерлерден (үйлерден) басқа мемлекет мүлкiн меншiгiне сатып алатын адамдардың өз отбасының мүлiктiк жағдайы туралы декларация беруге мiндеттi екенi белгiленсiн.
Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарындағы лауазымды адамдардың қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруға байланысты кез келген нысанда кәсiпорындардан, ұйымдардан және азаматтардан сыйлық алуына тыйым салынсын. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет бабындағы мiндеттерiн атқаруына байланысты басқа мемлекеттердiң ұйымдары мен азаматтарынан алған сыйлықтары белгiленген тәртiппен мемлекет қорына тапсыруға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас салық инспекциясымен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарында басшы қызмет атқаратын және жекешелендiру барысында мемлекеттiк мүлiктi меншiгiне алатын адамдар үшiн декларациялар беру тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызметшiлердiң олардың қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты басқа мемлекеттердiң ұйымдары мен азаматтарынан алған сыйлықтарын мемлекет қорына тапсыру тәртiбiн белгiлесiн.
8. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
бiр ай мерзiм iшiнде Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi туралы Ереже әзiрлесiн және қабылдасын, оның құрылымы, штаты, қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң шарттары туралы мәселелердi шешетiн болсын;
тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың ұйымдасқан нысандағы қылмыс, сыбайлас жемқорлық және контрабандамен күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелер қызметiнiң статусын, тәртiбiн сондай-ақ хұқық қорғау органдарына қарасты оперативтiк және тергеу бөлiмшелерiнiң материалдық-техникалық және қаржы жағдайын нығайту үшiн құрылатын республикалық бюджеттен тыс қордың жиналуы мен пайдаланылу тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құжаттар әзiрлеуiн қамтамасыз етсiн.
1992 жылдың 1-шiлдесiне дейiн осы Жарлыққа сәйкес құрылатын құрылымдардың қызмет үйлерiне, автокөлiкке, жанар-жағар материалдарына, жеке қорғану құралдарына, радиостанцияларға, есептеу, видео-, кино-, дыбыс жазу, криминалистика техникасына деген қажеттiлiгiн, қамтамасыз етудiң; Iшкi iстер министрлiгiнiң және Мемлекеттiк хауiпсiздiк комитетiнiң ұйымдасқан нысандағы қылмыс, сыбайлас жемқорлық және контрабандамен күрес жөнiндегi мамандандырылған бөлiмшелерi қызметшiлерiнiң жалақысын арттыру үшiн қажеттi қосымша қаржылар, сондай-ақ шет елдерде қызмет атқару үшiн қажеттi валюталық қаржылар бөлудiң шараларын қолдансын.
1992 жылдың 1-тамызына дейiн Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне ұйымдасқан нысандағы қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрестi жандандыруға бағытталған заңдардың жобаларын түсiрсiн.
9. Iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттiк хауiпсiздiк комитетi оперативтi және тергеу бөлiмшелерiнiң қызметкерлерiнiң экономикалық бiлiмдердiң негiздерiн оқып-үйренуiн қамтамасыз етсiн, басқа мемлекеттердiң қылмыстың ұйымдасқан нысандарымен күресуге маманданушы арнайы қызмет орындарының жұмыс тәжiрибесiмен алмасуды ұйымдастырсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi