Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң республика территориясында әскери қызметтi өткеру тәртiбiн анықтаудағы өкiлеттiгi туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 7 ақпан 1992 ж. N 604

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы территориясында әскери қызметтi өткеру тәртiбiн анықтау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiне 10040 әскери бөлiмнiң командирiмен бiрлесе отырып, территорияларында қызмет өткерiп жүрген мемлекеттерге ант қабылдаудан бас тартқан және осы себеппен өздерiнiң әскери бөлiмдерiн тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi - Қазақстан Республикасының азаматтарына бұдан былай республиканың территориясындағы әскери бөлiмдерде қызметiн өткерту және орналастыру мәселесiн шешу хұқы берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан әскерлерде, әскери-құрылыс бөлiмдерiнде, мекемелерде Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Қарулы Күштерi қатарында 1,5 жылдан астам қызмет өткерген, жекелеген достастық мемлекеттерiне ант қабылдаудан бас тартқан және сол себеппен өздерiнiң әскери бөлiмдерiн тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер - Қазақстан Республикасының азаматтары осыған қосылған есепке сәйкес запасқа шығарылсын.

     Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қорғаныс комитетiнiң 
Төрағасы бұдан былай осы тармақта аталған әскери қызметшiлер 
категориясын мiндеттi әскери қызметтен запасқа шығару мәселелерiн
өздiгiнен шешетiн болсын.
     3. Осы Жарлық қол қойылған кезiнен бастап күшiне енедi.
            Қазақстан Республикасының
                  Президентi
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Президентiнiң 
                                       1992 жылғы 7 ақпандағы 
                                            N 604 Жарлығына
                                               Қосымша
            Тәуелсiз мемлекеттердiң территориясынан келген,
            запасқа шығарылатын мерзiмдi қызметтегi әскери
          қызметшiлердiң - қазақстандықтардың (әскери-құрылыс 
           бөлiмдерiнде қызмет өткерген әскери қызметшiлер)
                               есебi
                             (Кесте)