Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметiн жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1992 жылғы 7 ақпан N 600

Қолданыстағы

      Өтпелi кезеңде республиканың атқарушы-өкiмшi органдары жүйесi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
      1-3-тармақтар.
      ЕСКЕРТУ. 1-3-тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң    1996.09.05. N 3097 жарлығымен.
      4. Мыналар құрылсын:
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының таратылатын Экология және табиғатты пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы министрлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және электрлендiру министрлiгiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi. Осы министрлiкке көмiр, мұнай, газ және мұнай өңдеу өнеркәсiбiнiң өндiрiстiк, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық және басқа бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары, сондай-ақ осы салалардың өнiмдерiн өткiзу жүйелерi бағындырылсын;
      КСРО Мемстандартының таратылатын Қазақ республикалық басқармасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқарма;
      КСРО Гидрометеорология жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң таратылатын Қазақ республикалық гидрометеорология жөнiндегi басқарманың негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма.
      5. Мыналар:
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi болып;
      Қазақстан Республикасының Мәдениет жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi болып қайта құрылсын.
      6. Мыналар:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және азық-түлiк министрлiгi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi болып;
      Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк қамсыздандыру министрлiгi Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi болып қайта аталсын.
      7-10-тармақтар. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-10-тармақтардың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң   1996.09.05. N 3097 жарлығымен.
      11. Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарын, қаулылары мен өкiмдерiн және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн орындау үшiн мемлекеттiк басқару органдарының басшылары жеке-дара жауап бередi деп белгiленсiн.
      12. Осы Жарлық оған қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi