"Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 1134 Жарлығы

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Жарлық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 194 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығын алуға арналған конкурс өткізу және лауреат атағын беру қағидаларында:

      5-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурста "Үздік индустриялық жоба", "Үздік инновациялық жоба" және "Үздік цифрлық даму жобасы" арнаулы сыйлықтары тағайындалады.";

      10-тармақта:

      2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) екінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылардың материалдарын және осы материалдар бойынша алдын ала қорытындыны республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топтың қарауына ұсынады. Республикалық конкурсты ұйымдастырушының шешімімен құрылған сараптамалық топ конкурстың үшінші кезеңіне қатысуы үшін конкурс финалистерін (төрт номинацияда үш санаттан үшеу және арнаулы сыйлықта үш-үштен) айқындайды;";

      "4) төртінші кезеңде конкурсты ұйымдастырушы жергілікті жерлерде материалдарды сараптамалық бағалау және сараптау нәтижелерімен бірге конкурс финалистерінің (төрт номинацияда үш санаттан үшеу және арнаулы сыйлықта үш-үштен) материалдарын Комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия ұсынылған материалдардың негiзiнде жеңімпаздарды айқындайды және конкурсқа қатысушыларға сыйлық лауреаттары атағын беру туралы шешiм қабылдайды.".

      2. Осы Жарлық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1134 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы 9 қазандағы
№ 194 Жарлығына
ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты атағын және "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының дипломанты атағын беру жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша), төрағаның орынбасары

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының департамент директоры (келісім бойынша), хатшы

      Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда жəне интеграция министрі

      "Қазақстан астық одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан құс шаруашылығы одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан машина жасаушылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның картоп өсірушілері мен көкөніс өсірушілері қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Қазақстанның құрылыс салушылар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағы" республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті (келісім бойынша)

      "Қазақстан сүт одағы" қоғамдық бірлестігі басқармасының тең төрағасы (келісім бойынша)

      "Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша)

      "KAZENERGY" мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)