Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 313-13), 313-14), 313-15), 313-16) және 313-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"313-13) жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту;
313-14) байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, қар көшкiнi, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсыну қағидаларын келісу;
313-15) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын дерекқорларды сәйкестендірілмеген түрінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызметте пайдалану үшін ұсыну қағидаларын келісу;
313-16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын келісу;
313-17) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын деректерді өңдеу орталығының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын келісу;";
19-тармақ мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"28-1) медициналық тексеруге (куәландыруға) жол жүру және кері қайту кезінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлікте жүргені үшін жолақы шығындарын өтетуге құқығы бар ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне (курсанттардан, тыңдаушылардан басқа) жолдама беру тәртібін айқындайды;";
2) "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметі туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 32-1), 32-2), 32-3), 32-4), 32-5), 32-6) және 32-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"32-1) адам саудасының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау;
32-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалауға және оларды барынша азайту бойынша ұсыныстар енгізуге қатысу;
32-3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен адам саудасы құрбандарына көмек көрсету және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету ұсыну үшін оларды қайта бағыттауға қатысу;
32-4) ішкі істер органдарын өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған адам саудасына байланысты қылмыс фактілері туралы хабарлау;
32-5) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің нәтижелері туралы жұртшылыққа хабарлау;
32-6) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына азаматтарды қорғауға және шекаралық кеңістікте Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасының сақталуына жәрдем көрсету;
32-7) басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп адам саудасының алдын алу жөніндегі іс-шараларға қатысу;".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық 2025 жылғы 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 1-тармағы 1) тармақшасының бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |