ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:
"39-1) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарына техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының нормативтерін әзірлеу және бекіту;";
69) және 70) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"69) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының патрульдеуін ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
70) ұлттық қауіпсіздік органдарының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қызметін үйлестіру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
148) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"148) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
151) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"151) ұлттық қауіпсіздік органдары объектілерінің физикалық және техникалық қорғалуын қамтамасыз етуді үйлестіруді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"161) әскери қызметшiлердiң Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 163-1) және 163-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"163-1) жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбелерін келісу;
163-2) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар әзірлейтін террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты келісу;";
205) тармақша алып тасталсын;
225) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"225) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдары әскери қызметшілерінің жетондарын беру, пайдалану қағидаларын және олардың сипаттамасын әзірлеу және бекіту;";
254) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"254) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің пилотсыз әуе кемелерін қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
мынадай мазмұндағы 313-2), 313-3), 313-4), 313-5), 313-6), 313-7) және 313-8) тармақшалармен толықтырылсын:
"313-2) терроризм актісін болдырмауға немесе оның жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-3) ұлттық қауіпсіздік органы қызметкерінің отбасылық-мүлiктік жағдайын зерттеп-қарау актісінің үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;
313-4) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін ұйымдастыру және оларға жүктелген міндеттерді іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;
313-5) ұлттық қауіпсіздік органдары көлік құралдарының және арнаулы мақсаттағы көлік құралдарының колонналарына ілесіп жүруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, осы колонналар өтетін уақытта автомобиль жолдары мен көшелерде жол жүрісін реттеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-6) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының арнаулы құралдарының тізбесін әзірлеу және бекіту;
313-7) ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру және атқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;
313-8) ұлттық қауіпсіздік органдарында жауынгерлік қызметті ұйымдастыру және атқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;";
"Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі" деген бөлімдегі реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.";
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті:
1) ведомстволық құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |