"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 12 қарашадағы № 1070 Жарлығы

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау;";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы 231-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "231-1) өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларға талдау жүргізу және анықтау;";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымында:

      реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үйлестіру департаменті (Астана қаласы)";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Астана қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасы".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Қ. Тоқаев