Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 10-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстық соттары;
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары;
Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары;
Абай облысы Семей қаласының, Алматы облысы Қонаев қаласының және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соттары;
Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты құрылсын.
2. Мыналар:
Алматы облысы бойынша:
Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Қонаев қалалық соты деп;
Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
Алматы облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
Алматы облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
жаңадан құрылған Жетісу облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Жетісу облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
Қарағанды облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
жаңадан құрылған Ұлытау облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Қарағанды облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Ұлытау облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
Шығыс Қазақстан облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты Абай облысының Ақсуат аудандық соты деп;
жаңадан құрылған Абай облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Шығыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Абай облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық соты деп;
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты деп аталсын.
3. Судья қызметіне:
Абай облыстық сотына |
Әбдуалиева Назгүл Саттарқызы |
Жетісу облыстық сотына |
Аханова Жанар Әзелқызы |
Ұлытау облыстық сотына |
Әлкеев Қайырден Сәбиғоллаұлы |
Абай облысы бойынша: | |
---|---|
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына |
Ерғалиева Әлия Төлеуғалиқызы |
Семей қаласының мамандандырылған тергеу сотына |
Ахметова Анар Темірғазықызы |
Жетісу облысы бойынша: | |
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына |
Арыстанбеков Жарас Себжанұлы |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына |
Башенова Гүлсұлу Мырзағалиқызы |
Ұлытау облысы бойынша: | |
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына |
Есібаева Роза Мұхамедқызы |
тағайындалсын.
4. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары болып есептелсін.
5. Мыналар:
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Абай облысы бойьшша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Жетісу облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Ұлытау облысы бойынша Соттар әкімшісі" республикалық мемлекеттік мекемесі құрылсын.
6. Күші жойылды – ҚР Президентінің 19.01.2023 № 106 Жарлығымен.7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |