Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
"5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:
"5.1. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану қағидаттары" деген кіші бөлімде:
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2021 жылы - 2700 млрд теңгені; 2022 жылы - 4030 млрд теңгені құрайтын болады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |