Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 маусымдағы № 907 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ
1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) олардың келісуімен тағайындалатын, Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тiзбесiнде:
мына:
"
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары, Ұлттық ұлан академиясының бастығы | Ішкі істер министрі | Ішкі істер министрі | Әкімшілік Басшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы |
";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саяси қызметшілерi мен өзге де лауазымды адамдарын қызметке келiсу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
17-тармақтың 2) тармақшасындағы төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы; Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарлары; өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары және олардың бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары, орынбасарлары; бас басқармалар бастықтары; Ұлттық ұлан академиясының бастығы;".
2. Қызмет бабында пайдалану үшін.
3. Құпия.