"Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 23 қазандағы № 680 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидалары";

      3-тармақта:

      7) тармақшадағы "(осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі)" және "(осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі)" деген сөздер алып тасталсын;

      8) және 10) тармақшалардағы "(осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесі)", "(осы Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмалар бойынша – Премьер-Министр Кеңсесінің)" деген сөздер алып тасталсын;

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар – Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспары және ұлттық жобалар.";

      16-тармақтың 3) тармақшасындағы "елдің Стратегиялық даму жоспарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында" деген сөздермен, "негізгі индикаторларына" деген сөздер "стратегиялық көрсеткіштеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтарын, Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының аумақтық даму жоспарын, доктриналарды (стратегияларды) және тұжырымдамаларды бекіту туралы актілерінің жобаларын Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелері Президент Әкімшілігіне келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.";

      26-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін қоғамдық маңызы бар іс-шараларды, сондай-ақ Ассамблеяның сессияларын;";

      алтыншы бөліктегі ", сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың жобалары" деген сөздер алып тасталсын;

      34-тармақтағы "елдің Стратегиялық даму жоспарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында" деген сөздермен, "түйінді индикаторларына" деген сөздер "стратегиялық көрсеткіштеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36-1 және 36-2- тармақтар алып тасталсын;

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау осы актілер мен тапсырмаларда не олардың іске асырылуын бақылауды бекітуде көрсетілген мерзімдерде немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының қарарларында көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі.

      Егер актінің/тапсырманың мәтінінің өзінде немесе тиісті қарарда орындау мерзімдері болмаған және құжатқа бақылауды бекіту жасалмаған жағдайларда, мерзімдер Президент Әкімшілігі белгілеген тәртіппен айқындалады және бақылаудағы тапсырманың электрондық немесе қағаздағы карточкасында көрсетіледі.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды іске асыру барысы туралы есептік ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді қамтиды.";

      52 және 53-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "52. Егер Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқарушы адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Президент Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлел келтіріп негіздей отырып хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты мемлекеттік саяси қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.

      53. Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдары виза қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысына келісімі негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру, сондай-ақ аралық хабар беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.

      Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Бастапқы белгіленген мерзім ішінде объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша тапсырманың орындалуын аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.

      Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жарты жыл сайын аралық хабар бере отырып жүзеге асырылады. Объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімге тапсырманың орындалуын аяқтау мүмкін болмаған жағдайларда, сондай-ақ тапсырманың орындалу нәтижелерінің тиімділігіне немесе оның ел дамуының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізуге тигізетін ықпалына бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім қабылданады.";

      54, 54-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын орындау мерзімін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімін қайта ұзартуға Президент көмекшісінің – Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының шешімі бойынша айрықша жағдайларда, мемлекеттік саяси қызметшілердің және ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарының тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені қарап және бір айдан аспайтын мерзімде Президент Әкімшілігіне қабылданған шаралар туралы хабар бере отырып жол беріледі.

      54-1. Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімдерін қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы мемлекеттік орган (ұйым), ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқарушы адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Президент Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.

      Президент Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.";

      54-2-тармақ алып тасталсын;

      57-тармақтың 4) тармақшасындағы "Елдің стратегиялық даму жоспарында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарында" деген сөздермен, "негізгі индикаторларына" деген сөздер "стратегиялық көрсеткіштеріне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58, 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Актілердің және/немесе тапсырмалардың тармақтарын бақылаудан алу үшін орындауға жауапты мемлекеттік органның (ұйымның) басшысы осы Қағидалардың 57-тармағында көрсетілген негіздердің біреуін жан-жақты баяндай отырып, Президент Әкімшілігіне хат енгізеді.

      59. Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының тармақтарын бақылаудан алуды:

      1) орындаушы мемлекеттік органның (ұйымның) ұсынысы бойынша, ал Үкіметтің өкілеттіктері қозғалатын жағдайларда – Премьер-Министрмен, оның міндетін атқаратын адаммен немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не оның Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды адамдарының визаларымен ресімделген келісімі негізінде;

      2) Президент Әкімшілігінің жергілікті жерге барып тексерулерінің, сондай-ақ жүргізілген ревизиялар мен құжаттамалық тексерудің өзге нысандарының қорытындылары бойынша Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде жүзеге асырады.

      Осы Қағидалардың 57-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Үкіметтің немесе мемлекеттік органның бақылауына берілген тапсырмаларды бақылаудан алуды Премьер-Министр немесе оның орынбасары, тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы жүзеге асырады.

      Егер Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы тармағының осы Қағидалардың 57-тармағы 1), 1-1) және 2) тармақшаларының талаптарын бұза отырып бақылаудан алынғаны анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде мұндай тапсырманың тармағын бақылауды қайта жаңарту және орындау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдайды.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған, Президент Әкімшілігі бақылайтын тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы жүзеге асырады.

      Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алуды Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы жүзеге асырады.";

      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "61. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің және/немесе тапсырмаларының, сондай-ақ Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың тармақтарын – Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігінің Басшысы немесе олар уәкілеттік берген Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары бақылаудан алған соң ғана орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) бақылаудан алады.

      Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы бақылаудан алған соң ғана орындаушы мемлекеттік орган (ұйым) бақылаудан алады.";

      1-5-қосымша алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев