"Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 560 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "2-тарау. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "Б" корпусы" деген бөлімде:

      С санаттарының тобында:

      С-1 санаты:

      "Шетелдегі мекеменің кеңесшісі – уәкілі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Баспасөз хатшысы";

      С-3 санатында:

      "Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі, баспасөз хатшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орталық атқарушы органның бірінші басшысының көмекшісі, кеңесшісі";

      D санаттарының тобында:

      D-2 санаты:

      "Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Баспасөз хатшысы";

      D-3 санатында:

      "Баспасөз хатшысы" деген жол алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев