Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы № 917 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 26, 273-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 29) және 30) тармақшалармен толықтырылсын:
"29) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
30) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу.";
16-тармақ мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, олар бойынша хаттамалар жасайды және әкімшілік жазалар қолданады;";
2) "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 64-65, 382-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Рейтинг өткізуді ұйымдастырушы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.
Ұйымдастырушыға мынадай функциялар жүктеледі:
1) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
2) пікіртерім мен статистикалық деректер негізінде жыл сайын бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін өткізу;
3) бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өткізілген өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу және Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) отырыстарын өткізуге жәрдем көрсету;
4) дипломдарды, награда белгілерін дайындау мен ресімдеуді қамтамасыз ету;
5) жеңімпаздарды марапаттау салтанатына ақпараттық материалдарды дайындау;
6) үздік өңірлер мен қалалар тәжірибесін таратуға жәрдем көрсету.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша ұсынатын материалдарды қарау, бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды айқындау;";
4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қосымша материалдарды қарау кезінде балдардың жиынтық көлеміне түзету коэффициенттерін қолдану;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентi |
Қ. Тоқаев |