Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 52-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:
Архарова Жаңылсын Баянқызы | – | Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы; |
Жұмағұлов Марат Иманғалиұлы | заң ғылымдарының докторы; | |
Қалимұқашева Айгүл Демеуқызы | – | Атырау облыстық сотының судьясы; |
Көлбаева Айжан Әділқызы | – | Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы; |
Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлы | – | Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты; |
Сағиденов Ғұлар Ғаббасұлы | – | Павлодар облыстық сотының судьясы; |
жоғарыда аталған Кеңестің құрамынан: Н.М.Елемесов, М.Қ.Жанғұттинов, Т.Е.Қаудыров, Н.Н.Кузнецова, Е.Т.Манапов, Б.А.Раисова шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |