Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 414 Жарлығы.

      Елдің орнықты дамуын стратегиялық жоспарлау жəне экономикалық, əлеуметтік жəне саяси реформаларды тереңдету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылсын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақтан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.ТОҚАЕВ

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 414 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің
ҚҰРАМЫ

      Ескерту. Құрамы жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 29.06.2024 № 591; өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.01.2026 № 1152 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті, төраға

      Жоғары кеңестің мүшелері:

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)