"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 21 тамыздағы № 388 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 51-52, 399-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құрылымында:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын:

      "1-1. Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаменті";

      реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:

      "5-1. Стратегия және талдау департаменті";

      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Халықаралық қатынастар және интеграция басқармасы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолмен толықтырылсын:

      "13-1. Сыртқы коммуникациялар басқармасы";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 17-1-жолмен толықтырылсын:

      "17-1. Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы басқармасы".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев