Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 289 Жарлығы.

Жаңартылған

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Алып тасталды – ҚР Президентінің 07.03.2024 № 494 Жарлығымен.

      2. "Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық Комиссиядағы Қазақстан Республикасының мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 221 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 20, 107-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ алып тасталсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 17.11.2020 № 450 Жарлығымен.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ