"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 237 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат; 2006 ж., № 1, 2-құжат; 2011 ж., № 60, 849-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      5-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "жауынгерлік бөлімдер (жеке шекара комендатуралары, жеке бақылау-өткізу пункттері, шекаралық корабльдер мен катерлер дивизиондары, жеке авиациялық эскадрильялар, жеке аралас авиациялық эскадрильялар, жауынгерлік бөлімдер, арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдаушы маневрлік тобы);

      қамтамасыз ету бөлімдері (байланыс полкі, кинологиялық орталық, оқу шекара жасағы, жеке инженерлік-саперлік батальон, сақтау базалары, күзет және қамтамасыз ету комендатуралары, аудандық пайдалану бөлімдері және өзге де қамтамасыз етуші бөлімдер);

      бөлімшелер (шекара комендатуралары, шекара заставалары, техникалық бақылаудың шекара заставалары, шекаралық бақылау бөлімдері, шекаралық бақылау бөлімшелері, шекаралық посттар, техникалық бақылау посттары, бақылау-өткізу пункттері, шекаралық корабльдер, шағын катерлер тобы, шекаралық катерлер, десанттық-шабуылдаушы мотоманеврлік топтар, десанттық-шабуылдаушы заставалар, арнайы мақсаттағы десанттық-шабуылдаушы заставалар, барлау парашюттік-десанттық заставалары, авиациялық эскадрильялар, авиациялық жасақтар, авиациялық буындар, байланыс тораптары, мамандарды дайындайтын мектептер, оқу орталықтары, оқу пункттері, оқу дивизиондары, оқу заставалары, оқу кавалериялық эскадроны, оқу жөндеу кавалериялық заставалары, қызметтік иттерді өсіру питомнигі, жылқыларды өсіру бойынша питомнигі және өзге де бөлімшелер);".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев