Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 наурыздағы № 878 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 18 наурыздағы
№ 878 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат; № 21, 265-құжат; 2005 ж., № 29, 362-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2009 ж., № 34, 321-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттiк саяси қызметшiлер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын немесе оның келiсуiмен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тiзбесінде:

      мына:

      "

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  ";

      мына:

      "

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары

Министр

Министр

Комиссия*

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары

Министр

Министр

Комиссия* 

  ";

      мына:

      "

Ұлттық ұлан бас басқармаларының бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаментінің бастығы

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*

  ";

      мына:

      "

Ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер департаментінің, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Комиссия*

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың полиция департаменттерінің бастықтары

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстардың әкімдері

Ішкі істер министрі

Комиссия*

  ";

      мына:

      "

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Әкімшілік Басшысы

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

  ";

      көрсетілген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Комиссия*

  ";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      18-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарлары; Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары;";

      19-тармақта:

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ішкі істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы, оның орынбасарлары, Ішкі істер министрлігі комитеттерінің төрағалары; Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасарлары; Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының бастықтары, Ішкі істер министрлігінің көліктегі полиция департаментінің, криминалдық полиция, тергеу, есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау департаменттерінің, Астана, Алматы және Шымкент қалалары және облыстардың полиция департаменттерінің бастықтары; Ішкі істер министрлігінің Астана, Алматы және Шымкент қалаларының және облыстардың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары;

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары, Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар бойынша экономикалық тергеу департаменттерінің басшылары;";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Егер Мемлекет басшысы немесе оның Әкімшілігінің Басшысы өзгедей шешім қабылдамаса, сыртқы саясат мәселелерін жүргізетін құрылымдық бөлімшеде мынадай лауазымдарға кандидатуралар алдын ала зерделенуге тиіс:

      Сыртқы істер министрінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдері, Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы және комитеттерінің төрағалары.".

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 28, 215-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларында:

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Қазақстан Республикасы Президентінің стратегияларды, Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, тұжырымдамалар мен доктриналарды бекіту туралы актілерінің жобалары Президент Әкімшілігіне келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы есептік ақпарат Президент Әкімшілігіне Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес ұсынылады.

      Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы Президент Әкімшілігінің Басшысы жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне баяндайды.".

      3. "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді орындауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық құзыретті органын және құзыретті органдарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 486 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 20,154-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.".