Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" № 150 және "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" № 151 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 58 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң
жинағында жариялануға тиiс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

      1) "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері";

      "2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:

      "А" корпусы бөлімінде:

      4-санат алып тасталсын;

      2) "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы және 15-2-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

      4-1-тармақтың екінші бөлігінің бесінші абзацы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп:

      1) осы Жарлыққа сәйкес лауазымдары және лауазымдарының санаттары өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етсін;

      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев