Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 тамыздағы № 379 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 309-құжат):
1) тармақшада "және сыртқы" деген сөздер алып тасталсын;
3-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдамалық құрылымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын үйлестіреді;";
4) тармақша алып тасталсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырмалар беруге;";
2) "Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеде:
2-тармақта "Мемлекеттiк хатшысының өкiмдерi," деген сөздер алып тасталсын;
8-тармақта "және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тиісті орынбасарының жедел басшылығымен" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |