“Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 154 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 31 шілдедегі № 290 Жарлығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 Жарлығымен.

      1. “Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі:

      мына:

Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлері

Президент



      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы

Президент

Премьер-Министр


      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ