Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 10.09.2022 № 1005 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-кұжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:
"5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:
"5.3. Ұлттық қор активтерін басқару" деген кiшi бөлімде:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Жинақ портфелінің активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (80% облигациялар, 20% акциялар) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңдестірілген бөлуге (60% облигациялар, 30% акциялар, 5%-ға дейін баламалы құралдар және 5%-ға дейін алтын) көшуді болжайды.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |