Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс |
"Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданы жəне Зырян қаласы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы жəне Алтай қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.НАЗАРБАЕВ |