"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 17-1-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен;
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі одан "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 723 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 29 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., № 1, 2-құжат):
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары | 2309 |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, оның ведомствосы және олардың аумақтық органдары | 2349 |
". |
2. "Мемлекеттiк билiк органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:
"
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) облыстар, Астана және Алматы қалалары | Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы | Комиссия* |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар департаменттерінің басшылары | Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы | Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы | Комиссия* |
"; |
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының орынбасарлары, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Астана, Алматы және Шымкент қалалары, облыстар департаменттерінің басшылары.".
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 92-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
7-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) Қазақстан Республикасының Президентіне қаралатын мәселелер бойынша тапсырмалар беру, Республика Президентінің тиісті актілерін шығару туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың тиісті деңгейін қамтамасыз етпеген, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін, мемлекеттік органдардың басшыларын атқаратын қызметінен босатуға дейін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.".
4. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органының жауапты хатшысының мәртебесі мен өкілеттіктері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 372 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 25, 285-құжат):
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Республика Президенті Әкімшілігінің алдында өз қызметінің қорытындылары туралы жылына екі рет, соның ішінде "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылатын орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау қорытындылары бойынша есеп береді.".
5. "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 24, 173-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі бекітілсін.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – жергілікті атқарушы органдар).";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметінің тиімділігін арттыру үшін әзірленді.".
6. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы";
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже);
4) Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы (бұдан әрі – Үлгілік құрам) бекітілсін.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларын құрсын, олардың ережесі мен құрамын осы Жарлықпен бекітілген Үлгілік ережеге және Үлгілік құрамға сәйкес бекітсін.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының қызметін үйлестіру;";
3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларынан ақпарат сұрату және алу;
4) Ұлттық комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарда мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларын және өкілдерін, оның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының төрағаларын тыңдау;";
6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік органдардың басшыларына және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссияларының төрағаларына шешімдерді жіберу;";
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ереже";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне қатысты кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.";
4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі, комиссия төрағасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық органының басшысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі аппаратының басшысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының хатшысы
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы".
7. "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығында (2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері өз қызметінде Стратегияны басшылыққа алсын және оны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.".
8. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
"1. Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген тарауда:
"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары";
"2. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар" деген тарауда:
"А" корпусы бөлімінде:
3-санатта:
"Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері аппараттарының басшылары" жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары";
"Б" корпусы бөлімінде:
С санаттарының тобында:
"Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың астанадағы, республикалық маңызы бар қаладағы бөлімшелері" кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Орталық мемлекеттік органдардың өңіраралық және облыстық бөлімшелері мен олардың ведомстволары, орталық мемлекеттік органдардың республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы бөлімшелері";
D санаттарының тобында:
"Облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала әкімдерінің аппараттары, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қала мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының аппараттары, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)" кіші тобының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің аппараттары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының аппараттары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Қазақстан халқы Ассамблеясының аппараттары (хатшылықтары)";
D-2 санатында:
"Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары аппаратының басшысы";
D-3 санатында:
"Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала әкімінің көмекшісі, кеңесшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің көмекшісі, кеңесшісі";
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, астананың, республикалық маңызы бар қаланың атқарушы органдары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық атқарушы органдар, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың атқарушы органдары".
9. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарында:
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының басшылары;";
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында (төртінші санатты қоспағанда), не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";
15-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";
15-1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не А-2, В-2, С-1, D-2, D-O-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";
15-2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не "А" корпусының лауазымдарында, не A-3, В-3, С-3, D-3, D-O-2, Е-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың басқарма басшыларынан, бірінші басшыларының көмекшілерінен, кеңесшілерінен төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басқарма басшыларынан (немесе оларға теңестірілген лауазымдардан) төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;";
16-тармақ алып тасталсын;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:
12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Қазақстан Республикасы Сенатының, Мәжілісінің депутаттары, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихат хатшылары;";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Ұлттық комиссия айқындайтын жағдайларда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары әңгімелесу өткізеді және Ұлттық комиссияға ұсыныс енгізеді.".
10. "Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 534-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдерін қоспағанда, "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің тәртiптiк жауаптылығын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) не оның тапсырмасы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – Өңірлік кадр комиссиясы) қарайды.
22-тармаққа орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"87. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары төрағаларынан тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алу Ұлттық комиссияға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары хатшыларының ұсынуы бойынша жүзеге асырылады.".
11. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 573-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы ережеде:
6-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) қызметтік әдеп нормаларын бұзуға, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол берген облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылатын қалалардың әкімдеріне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,тексеру комиссияларының мүшелеріне, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдеріне, С-О-1, С-О-2, С-R-1, С-R-2, D-1, D-2, D-О-1, D-0-2, Е-1, Е-2, Е-R-1, Е-R-2 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілерге (бұдан әрі – қызметшілер) қатысты тәртіптік істерді қарау.".
12. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
"
Облыстар, астана және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары | Облыстардың, астананың және республикалық маңызы бар қаланың әкімдері |
" |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары | Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері |
". |
13. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 қазандағы № 349 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 49, 310-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ережеде:
"1. Жалпы ережелер" бөлімінің 25-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада алқалы орган болып табылатын Әдеп жөніндегі кеңестері болады, олар туралы Ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.";
"7. Агенттіктің аумақтық органдарының тізбесі" бөлімінде:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";
мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі";
"8. Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) аумақтық органдарының тізбесі" бөлімінде:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Түркістан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;";
мынадай редакциядағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Шымкент қаласы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.";
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) лауазымдарының және оларға сәйкес келетін шекті біліктілік сыныптарының тізбесінде ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен).
14. "Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 532 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 34-35, 248-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің және Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының ант беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік лауазымға алғаш рет тағайындалатын тұлғалар – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің өзге де мүшелерін; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысын; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысын, оның орынбасарларын; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын; Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығын; Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілерін, кеңесшілерін; Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын; Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшыларын; облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін қоспағанда, мемлекеттік қызметшілер бір рет ант береді.".