Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 3 тамыздағы № 722 Жарлығы

Қолданыстағы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Құпия.

      2. Құпия.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 3 тамыздағы
№ 722 Жарлығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУ

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі" деген бөлімнің "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" деген кіші бөлімде:

      16-жол мынадай редакцияда жазылсын*:

      "16. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті.";

      мынадай мазмұндағы 17-жолмен толықтырылсын*:

      "17. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті.".

      2. Құпия.

      3. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және бекітетін немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың лауазымдар тізбесіндегі:

      мына жол:

      "

Астана және Алматы қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары

ҰҚК Төрағасы


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы


      ";

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ҰҚК департаменттерінің, ҰҚК облыстық департаменттерінің бастықтары

ҰҚК Төрағасы


Президент немесе оның тапсырмасы бойынша Әкімшілік Басшысы

      ";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілері мен өзге де басшы лауазымды адамдарын қызметке келісу, қызметке тағайындау мен қызметтен босату туралы ережеде:

      17-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасарлары, ҰҚК Үкіметтік байланыс қызметінің директоры, қызметтердің бастықтары және олардың орынбасарлары, қызметтер департаменттерінің, орталық аппарат департаменттерінің, орталық аппарат жанындағы департаменттердің, Астана, Алматы және Шымкент қалалары департаменттерінің, облыстық департаменттерінің, ҰҚК академиясының бастықтары;".


      Ескертпе:

      * тиісті мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген рәсімдер аяқталған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.