Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 26 ақпандағы № 643 Жарлығы.

Жаңартылған

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
(үзінді)

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 26 ақпандағы
№ 643 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де басшы лауазымды адамдардың тізбесінде:

      мына жолдар:

      "

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

Министр

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары

Министр

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Комиссия*

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарын қоспағанда, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасары

Министр

Министр

Комиссия*

      ";

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры және проректорлары

Бас прокурор

Бас прокурор

Комиссия*

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бірінші проректоры

Бас прокурор

Бас прокурор

Комиссия*

      ";

      мына жол:

      "

Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы

Қорғаныс министрі


Әкімшілік Басшысы

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

      ";

      мына жол:

      "

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы

Қорғаныс министрі


Әкімшілік Басшысы

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығы

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

      ";

      мына жол:

      "

Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – Бас штабтар бастықтары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары – штабтар бастықтары

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары, штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар қолбасшыларының бірінші орынбасарлары

Қорғаныс министрі

Қорғаныс министрі

Әкімшілік Басшысы

      ";

      мына жол:

      "

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары

Министр

Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

Әкімшілік Басшысы

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана және Алматы қалалары, облыстар бойынша департаменттерінің басшылары

Министр

Министр

Әкімшілік Басшысы

      ";

      мына:

      "

Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының бірінші орынбасары, орынбасарлары, Астана, Алматы қалаларының және облыстардың төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары

Ішкі істер министрі

Ішкі істер министрі

Әкімшілік Басшысы

      "

      деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасарлары

Министр

Министр

Премьер-Министр, Әкімшілік Басшысы

      ";

      мына жол:

      "

"Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ, "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармалары төрағалары

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысы

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармалары төрағалары

тиісті холдингтердің директорлар кеңестері

Премьер-Министр

Әкімшілік Басшысы

      ";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерін және өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "министрлердің орынбасарлары жөнінде – кандидатура Премьер-Министрмен келісілгені туралы ақпаратты көрсете отырып, министрлер";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне жататын лауазымдарға тағайындау Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге ротация жүргізу қағидалары мен мерзімі, ротацияға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдарында көзделген тәртіпте ротациялау шеңберінде жүзеге асырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Кадр қызметі тиісті келісу парақтарын ресімдейді, оларда тегі, аты-жөні; ұсынылатын немесе босатылатын қызмет; келісу үшін жіберілетін Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары көрсетіледі. Келісу парақтарына электрондық түрде қол қойылуы мүмкін.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "А" корпусының лауазымдарына кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарымен келісуге жатады.";

      17-тармақта:

      1) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;

      2) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы; Қорғаныс министрінің орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің және өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасының бастығы; Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы; Бас штаб бастығының бірінші орынбасары, орынбасарлары; Қарулы Күштер тыл бастығы; Бас штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; штабтар бастықтары – Қарулы Күштер түрлері әскерлері тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының бірінші орынбасарлары; Қарулы Күштер түрлері бас қолбасшыларының, Қарулы Күштер түрлері әскерлерінің тектері және Қарулы Күштер өңірлік қолбасшылықтары қолбасшыларының орынбасарлары; Қарулы Күштер Бас барлау басқармасы бастығының бірінші орынбасары; Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштердің Бас штабы департаменттерінің бастықтары; Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы;";

      2) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасарлары, министрліктің жауапты хатшысы, Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің төрағасы;";

      3) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы";

      "Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасарлары";

      18-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасын және Азаматтық авиация комитетінің төрағасын, төрағаның орынбасарларын қоспағанда, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика, Білім және ғылым, Ауыл шаруашылығы, Қаржы, Энергетика, Инвестициялар және даму министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары, комитеттерінің төрағалары;";

      үшінші абзацтағы "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ"," деген сөздер алып тасталсын;

      19-тармақтың екінші абзацындағы "және проректорлары" деген сөздер алып тасталсын;

      22-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және коммуникациялар, Мәдениет және спорт, Білім және ғылым, Дін істері және азаматтық қоғам министрлерінің орынбасарлары, министрліктердің жауапты хатшылары және комитеттерінің төрағалары;";

      22-тармақтың төртінші абзацындағы "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" АҚ басқармасының төрағасы," деген сөздер алып тасталсын.

      2. Күші жойылды – ҚР Президентінің 17.08.2019 № 120 Жарлығымен.

      3. "Азаматтардың "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіруінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 521-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу қағидаларында:

      4-1-тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "А" корпусының төртінші санатының лауазымдары үшін – осы өңірдің D-O-1 немесе Е-1 санаттарының нақты лауазымдары.".