Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасы Президенті мен
  Үкіметі актілерінің жинағында және
  республикалық баспасөзде жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев