2015 жылғы 16 қазанда Бурабайда жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы – орталық құзыретті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Келісімді орындауға жауапты құзыретті органдар болып айқындалсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.03.2019 № 878 Жарлығымен.2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |