"Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 1 сәуірдегі № 452 Жарлығы.

Қолданыстағы

  Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 19-бабының 8) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 549 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 6, 56-құжат; 2009 ж., №33, 308-құжат; 2011 ж., № 60, 850-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      4-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті Н.Назарбаев